Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының капитаны финалға шықты

Опубликовано:

боксшы
Асланбек Шымбергенов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

71 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Асланбек Шымбергенов жартылай финалда үндістандық Нишат Девпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен отандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай және Дулат Бекбауов секілді Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020343-alem-cempionaty-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-finalga-syqty/

pixel