Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте ауыр кездесу": Асланбек Шымбергенов жартылай финалдан кейін не айтты

Опубликовано:

Асланбек Шымбергеновтің жеңісті сәті
Асланбек Шымбергенов пен Нишат Дев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов жартылай финалдан соң сұхбат беріп, үндістандық қарсыласымен жұдырықтасу қиынға соққанын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асланбек үндістандық жас боксшы Нишат Девті жеңген болатын.

"Қарсыласым жас болса да, мықты боксшы екен. Бұл кездесу басқалардан күрделі, өте ауыр өтті. Алланың қалауымен жеңіске жетіп, финалға шығып отырмыз. Енді ақтық сында ел намысын абыроймен қорғауға тырысамын. Осы орайда, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевқа алғыс айтамын. Бізді спорттық құрылғылармен жабдықтап, әлемдік сынға еш алаңсыз дайындалуымызға бар жағдайды жасады", - деді Асланбек.

Айта кетелік, Асланбек Шымбергенов Жамбыл бокс мектебінің түлегі.

29 жастағы спортшы өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020354-ote-auyr-kezdesu-aslanbek-symbergenov-zartylai-finaldan-keiin-ne-aitty/

pixel