Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи сәт: бокстан әлем чемпионатының финалында екі қазақ боксшысы кездеседі

Опубликовано:

Қызыл жейдеде Нұрбек Оралбай
Қызыл жейдеде Нұрбек Оралбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финал жекпе-жектері аяқталып, Қазақстан құрамасының бес спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған әлемдік сынның финалында алғаш рет екі қазақ боксшысы кездеседі.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбайдың ақтық сындағы қарсыласы - Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан.

Жартылай финалда Нұрбек Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Имам Хатаевты жеңсе, Тоқтарбек Испания намысын қорғайтын Газимогамед Жалидовты ұтты.

Осылайша, әлем чемпионаттарының тарихында тұңғыш рет екі қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, екі боксшы да өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатының финалына дейін сүрінген жоқ.

Қытай қазағынан бөлек, финалға шыққандар арасында Өзбекстан намысын қорғайтын этникалық қазақ Руслан Абдуллаев бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020359-tarixi-sat-bokstan-alem-cempionatynyn-finalynda-eki-qazaq-bokssysy-kezdesedi/

pixel