Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионатында ел қоржынына тағы екі медаль түсті

Опубликовано:

ауыр атлет
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына тағы 2 жүлде түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артём Антропов күміс жүлдегер атанса (399 келі), тағы бір отандық спортшы Аңдас Самарқанов (390 келі) үздік үштікті қорытындылады. Бұл салмақта алтынды Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды.

Артём алғашқы жаттығудан кейін 172 келімен 4-сатыда келе жатқан. Ал Аңдас бесінші орыннан көрінді (169 кг). Шешуші сайыс жұлқа көтеруде Антропов 227 кг тартатын тасты еңсерсе (2-орын), Самарқанов та барын салып 221 кг ырқына көндіріп, үшінші сатыдан көрінді.

Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын бақ сынаған отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Осымен Қазақстан құрамасының еншісінде бір алтын, 1 күміс пен 3 қола медаль болды. Чинджудағы жүлде үшін үлестірілетін ұпайлар Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020364-aziya-cempionatynda-el-qorzynyna-tagy-eki-medal-tusti/

pixel