Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы Ташкенттегі боксшыларды қолдау үшін аренада әйгілі "Адай" күйін тартты

Опубликовано:

Толғанай Асхатқызы аренада домбырамен
Толғанай Асхатқызы. Фото: жеке мұрағат

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақ жанкүйерлерінің қарасы көп. Олардың арасында қостанайлық күйші Толғанай Асхатқызы да бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толғанай Ташкент қаласына қыдырып келген. Кейін мұнда қазақ боксшыларының сынға түсіп жатқанын естіп, отандастарына күймен қолдау көрсетті.

"Ұлттық аспабымз домбыраны насихаттау мақсатында Ташкентке келген едім. Мұндай түрлі роликтер түсіріп жүрдім. Кейін таксиші ағай бұл жерде бокстан әлем біріншілігі болып жатқанын айтты. Міне, алтыншы мамырдан беріп күнде осы аренаға келіп, қазақ боксшыларына қолдау көрсетіп жатырмын. Домбырама қызығушылық танытып жатқандар көп. Ең үлкен мақсатым - домбыраны мейілінше көбірек таныту", - дейді күйші.

Толғанай Асхатқызы 29 жаста. Ол 12 жасынан бері домбырада ойнайды және музыкалық кәсіби білім алған.

"Өмірімде бірінші рет әлем чемпионатын көзбен көріп, спортшыларымызға жанкүйер болып отырмын. Оларға рухты күй орындап, кішкене де болса жанкүйерлік тілегімді жеткізгім келді. Күй десе қазақ рухтанып кетеді ғой. Одан бөлек, домбырамызды да басқа елдің өкілдері көрсе, таныса деген тілегім болды", - дейді Толғанай.

Әлем чемпионатының жартылай финалында Толғанай қазақ жанкүйерлерінің арасына келіп, Құрманғазының "Адай" күйін орындады. Күйді ерекше әсерленіп тыңдағандар қатарында Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов та болды.

Айта кетелік, Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына бес қазақ боксшысы шықты. Финал жекпе-жектері 13-14 мамыр күндері өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020375-qazaq-qyzy-taskenttegi-bokssylardy-qoldau-usin-arenada-adai-kuiin-tartty-video/

pixel