Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Русланның жалқаулығы бар": Өзбекстан туын көтерген 20 жастағы қазақ боксшысы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Руслан Абдуллаев
Руслан Абдуллаев. Фото: olamsport.com

Бокстан Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ баласы Руслан Абдуллаевтың жеке бапкері Ерғали Ярашев KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, шәкіртінің жартылай финалдағы аяқ алысын бағалады.

"Жартылай финалда Руслан біз қойып берген тактиканы толық орындаған жоқ. Шамамен, алпыс пайызын ғана істеді. Бір орында тұрып қалған сәттері де кездесті. Ал оның қарсыласы, армениялық Ованес Бочков өте мықты. Әлем чемпионаттары мен Олимпиаданың жүлдегері. Осы жекпе-жектің алдында көз ілгенім жоқ. Түнімен уайымдап шықтым. Қандай тактика қойсақ, кездесуді қалай өткізсек деген оймен таң атырдым. Құдайға шүкір, шәкіртім үмітті ақтап, финалға шықты. Руслан физикалық күшінің көптігінен жеңді деп ойлаймын", - дейді Абдуллаевтың жеке бапкері Ерғали Әбубәкірұлы.

Бапкерінің айтуынша, Руслан өте талантты боксшы. Бірақ кемшін тұстары да бар.

"Русланның болашағы бар екенін кішкентай кезінде білгем. Физикалық тұрғыдан өте жақсы. Бірақ жалқаулығы бар. Әсіресе, жаттығу кезінде жалқаулығы ұстап, түрткілеп отырамыр. Бірақ шаршы алаңда тынымсыз жұмыс істейді. Тез жиналып алады. Өзбекстанда жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарыстың бәрін ұтты. Қазір ересектер құрамасының жұлдызы. Өзбек бапкерлері де бізге жақсы қарайды", - деді боксшының жеке бапкері.

Руслан Абдуллаев Өзбекстанның қазақтар қоныстанған қыпшақ ауылында тұрады.

Ол 63,5 келі салмақта әлем чемпионатының финалында жұдырықтасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020388-ruslannyn-zalqaulygy-bar-ozbekstan-tuyn-kotergen-20-zastagy-qazaq-bokssysy-zaily-ne-bilemiz/

pixel