Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай 19 жасында әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

боксшы
Санжан Тәшкенбай Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған сәт. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандық спортшы финалда Грузия өкілі Сахил Алахвердовимен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды. Ол 19 жаста, осыған дейін жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасындағы Азия чемпионы атағын иеленген.

Сонымен қатар бүгін 67 келідегі Дулат Бекбауов та шаршы алаңға көтеріліп, алтын медаль үшін таласады.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2020411-sanzar-taskenbai-alem-cempiony-atandy/