Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

боксшы
Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жектен кейін. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы титулдық кездесуде канадалық қарсыласы Стивен Батлерді нокаутқа түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бокс кеші Америка құрама штаттарының Стоктон қаласында (Калифорния) өтті.

Титулдық жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын. Алайда екінші кезеңде төреші техникалық нокаут тіркеп, кездесуді аяқтау туралы шешім қабылдады. Себебі, Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына ауыр соққылар дарытып, бірнеше рет нокдаунға жіберді.

Осылайша, отандық былғары қолғап шебері WBO титулын екінші мәрте сәтті қорғап отыр.

Айта кетейік, қос боксшы титулдық жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында көз арбасқан еді.

"Оны боксшы ретінде құрметтеймін. Ол мені нокаутқа түсірем деп жатыр ма? Бірінші тура соққы дарытып алсын. Бұның өзін істеу оған қиын болады", - деген еді сол уақытта Жәнібек Әлімханұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020434-zanibek-alimxanuly-tituldyq-zekpe-zekte-qarsylasyn-nokautqa-tusirdi/

pixel