Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ-өзбек - бауырлар": Баходир Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаевтың достығы көпшілікті сүйсінтті

Опубликовано:

Баходир Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлермен
Баходир Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев: KAZ.NUR.KZ

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ және өзбек боксшыларының арасындағы достық қарым-қатынас жанкүйерлерді тәнті етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атап айтар болсақ, кеше аса ауыр салмақтағы Баходир Жалолов екі дүркін әлем чемпионы атанып, Өзбекстан халқын ерекше қуантты. Өз елінің алыбын құттықтау үшін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев те келген болатын.

Жарыс аяқталған соң боксшылар тұрақтаған қонақүйде кішігірім той болды. Мұнда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жиналып, жанкүйерлер екі ел спортшыларының достығына тәнті болды.

Нақтылап айтар болсақ, Жалоловтың ежелгі қарсыласы, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысын жеңісімен құттықтап, екі спортшы құшақтаса жөнелді. Бұл сол жерге жиналған жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлады.

Көпшілік шаршы алаңда нағыз қарсылас атанған боксшылардың өмірдегі достығына риза болып, олармен суретке түсуден жалықпады.

Қонақүйдегі жанкүйерлер: "Қазақ-өзбек - бауырлар!" деп, ризашылықтарын білдірді.

Айта кетелік, Ташкенттегі әлем чемпионатының ширек финалында Баходир Жалолов Қамшыбек Қоңқабаевтан басым түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020447-qazaq-ozbek-bauyrlar-baxodir-zalolov-pen-qamsybek-qonqabaevtyn-dostygy-kopsilikti-suisintti-video/

pixel