Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұйырғаны күміс болды": Дулат Бекбауов финалда өзбек боксшысынан неге жеңіліп қалғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов. Видеодан кадр: Youtube/ Qazaq ring

Бокстан әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап, күміс жүлдегер атанған Дулат Бекбауов финалда өзбек боксшысынан неге жеңіліп қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық боксшы"Qazaq ring" подкастына берген сұхбатында финалдық кездесуі туралы толығырақ айтып берді.

"Алтын аламын деп келдік барлығымыз. Аллаға шүкір, енді бұйырғаны осы күміс болды. Құдай қаласа, бұнымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де істелетін жұмыс көп. Сол үшін әлі де еңбек етеміз. Өкініш жоқ. Қолымнан келгеннің бәрін істедім, Азия чемпионатында ол баланы жартылай финалда ұтқан едім. Бұл жолы енді өз елінде ұтылып қалдық, бұйырмаған екен. Тағы да кездесіп жатсақ, есе қайтарамыз деген үміттемін", - дейді Дулат Бекбауов.

Сондай-ақ ол өзімен финалда кездескен өзбек боксшысы Асадхуджа Муйдинхуджаевтың тактикасына қатысты ойын айтты.

"Финалда өзбек боксшысы бір рет емес, екі-үш рет баспен кіріп кетті. Тактикасы - жеңіс үшін бәрін қолданды. Шыны керек, жұдырықтаспады, қашқаннан басқа. Енді финалға жетіп тұрып алтын алғың келеді ғой", - дейді отандық боксшы.

Боксшы осы әлем чемпионатында жалпы бес жекпе-жек өткізгенін, ал ең қиыны ол үшін үндістандық боксшысымен болған кездесу екенін атап өтті.

"Неге десеңіздер, өте лас жұдырықтасты, бірінші раунд бір де екі болып ұтылып жаттым. Енді Аллаға шүкір, бапкерлеріміздің қойған тактикасымен екінші, үшінші раундта жақсы ұрып алдық оны. Біздің құрамадағы ағайлардың тәжірибесі ғой. Әр бапкердің айтқан тактикасын дұрыс қолдандық. Соның нәтижесі – біз одан бірінші раундта 3:1 есебімен ұтылдық, екінші раундта 5:0, үшінші раундта 5:0 қылып ұтып алдық", - дейді ол.

Еске сала кетейік, Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов финалда Өзбекстан өкілі Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша, Дулат Бекбауов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020463-buiyrgany-kumis-boldy-dulat-bekbauov-finalda-ozbek-bokssysynan-nege-zenilip-qalganyn-aitty-video/

pixel