Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: жеңімпаздар қатарынан көрінген отандық боксшылар қанша табыс тапты

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде топ жарған отандық боксшылардың қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халықаралық бокс федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, байрақты бәсекенің чемпиондарына - 200 мың, екінші орын алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілген.

Яғни, қазақстандық төрт боксшы 200 мың доллардан алған. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай. Ал Дулат Бекбауов 100 мың долларға ие болды.

Осылайша Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары барлығы 900 мың доллар табыс тапты.

Еске сала кетсек, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ал 14 мамырда Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020535-alem-cempionaty-zenimpazdar-qatarynan-koringen-otandyq-bokssylar-qansa-tabys-tapty/

pixel