Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты аяқталды: қазақстандық дзюдошылардың нәтижесі қандай

Опубликовано:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Қатар астанасы Дохада аралас командалық сайыспен дзюдодан әлем чемпионаты аяқталады. Өкінішке қарай, соңғы күні Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама өкілдері Германиямен кездесіп 0:4 есебімен есе жіберді.

Алғашқы белдесуде Камила Берликаш (+70 келі) Самира Бузгарнеден ұтылса, Ғалымжан Қырықбай (+90 келі) Лоссени Конеден жеңілді. Бақыт Құсақбаеваның да (-57 келі) Полин Старкқа шамасы келмеді. Ал Жансай Смағұлов (-73 келі) тартысты кездесуде Александра Габлерден жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасы жекелей сында да жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені (5 орын) Абиба Абужақынова көрсетсе, ерлер құрамасынан Нұрқанат Серікбаев (-60 келі) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) жетінші сатыдан көрінген еді.

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан құрамасы осыған дейін 2014 жылы Челябинскте өткен әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2020561-alem-cempionaty-ayaqtaldy-qazaqstandyq-dzyudosylardyn-natizesi-qandai/

pixel