Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" клубы футболдан Испания чемпионы атанды

Опубликовано:

Барселона
Көрнекі фото: pexels.com

"Барселона" футбол клубы Испания біріншілігінінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түнде 34-турда "Эспаньол" мен "Барселона" клубтары ойнап, каталониялық ұжым 2:4 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Хавьер Пуадо, Хоселу - Роберт Левандовский (дубль), Алехандро Бальде, Жюль Кунде.

Осылайша, Хавидың шәкірттері мәреге төрт тур қалғанда Испания біріншілігінің чемпионы атанды. Бұл - каталониялық клубтың тарихындағы 27-ші Ла лига жүлдесі. Ең үздік нәтиже "Реал Мадрид" клубына тиесілі (35 рет Испания чемпионы атанған).

Айта кетейік, "Барселона" 34 турда 85 ұпай жинаса, екінші сатыдағы мадридтік "Реалдың" қоржынында 71 ұпай ғана бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2020564-barselona-kluby-futboldan-ispaniya-cempiony-atandy/

pixel