Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының капитаны марапаттау рәсімінде көз жасына ерік берді

Опубликовано:

былғары
Фото: Instagram/kazakhboxing

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының аяқталғаны белгілі. Марапаттау рәсімінде құрама капитаны көз жасына ерік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, 71 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Асланбек Шымбергенов финалда Өзбекстан өкілі Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен отандық былғары қолғап шебері жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Бұл Асланбек

Марапаттау рәсімінде Қазақстан құрамасының капитаны көз жасына ерік берді. Эмоцияға толы видеоны Қазақстанның бокс федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Команда капитаны Асланбек Шымбергенов алтынға қол жеткізіп, марапаттау рәсімінде көз жасына ерік берді. Жарайсың, Асланбек", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ал 14 мамырда Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Халықаралық бокс федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, байрақты бәсекенің чемпиондарына - 200 мың, екінші орын алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілген.

Яғни, қазақстандық төрт боксшы 200 мың доллардан алған. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай. Ал Дулат Бекбауов 100 мың долларға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020593-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-alem-cempionatynyn-marapattau-rasiminde-koz-zasyna-erik-berdi-video/

pixel