Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте топ жарған боксшыларға арнау шығарған белгілі айтыскерлер желіні жарды (видео)

Опубликовано:

боксшы
Жандарбек Бұлғақов. Видеодан кадр: Instagram/olensoz_kz

Әлеуметтік желіде Ташкентте топ жарған отандық боксшыларға арнау шығарған айтыскерлердің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арнау айтыскер Жандарбек Бұлғақовтың Instagram парақшасында жарияланды.

Кадрдан белгілі ақындар Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуесхан және әзілкеш, тележүргізуші Дәулет Бижановтың Ташкентте топ жарған отандық боксшыларға өлең жолдарын оқығанын аңғаруға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары танымал өнер иелеріне арнаудың сәтті шыққанын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

"Азаматсыңдар", "Керемет", "Бауыр деген сендердей болсын", "Темірді қызған кезде соғыпсыңдар", "Мақтайтын жерде мақтап, айтатын жерін де жақсы жеткізіпсіңдер", "Боксшылардың жетістігі бұдан да үлкен сыйға лайықты - деді олар.

Еске сала кетсек, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ал 14 мамырда Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020642-taskentte-top-zargan-bokssylarga-arnau-sygargan-belgili-aityskerler-zelini-zardy-video/

pixel