Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мықты екенін дәлелдеді": Махмұд Сабырханның финалдағы жекпе-жегі IBA-ны таңғалдырды

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан өзбек боксшысына қарсы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Махмұд Сабырханның әлем чемпионатының финалындағы жекпе-жегі Халықаралық бокс федерациясын таңғалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халықаралық ұйым Instagram желісіндегі парақшасында "қазақтың Ломоченкосының" өзбек боксшысына қарсы финалдық кездесуін жариялап, "Махмұд Сабырханның техникасы мен қысым жасау сәтін тамашалаңыздар", деген жазба қалдырды.

Кадрдан отандық боксшының ақтық мәредегі өнерін тамашалауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары қазақстандық былғары қолғап шеберінің Ташкенттегі әлем чемпионатында жоғарғы деңгейде жұдырықтасқанын жарыса жазды.

"Махмұд әлемге өзінің мықты боксшы екенін дәлелдеді", "Әлем чемпионатының ең үздік боксшысы" деген атаққа лайықты еді", "Өзбек қарсыласы Ойбекті финалда ойбайлатты", "Қарсыласын әбден сабады", "Финалда қарсыласын нокдаунға жіберу екінің бірінің қолынан келе бермейді", - деді олар.

Айта кетейік, 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан Өзбекстан өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістіреді.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен отандық боксшы жеңіске жетті. Ол қарсыласын үшінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша, Махмұд Сабырхан бокстан Ташкентте өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020651-oibekti-oibailatty-maxmud-sabyrxannyn-finaldagy-zekpe-zegi-iba-ny-tangaldyrdy/

pixel