Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жастағы қазақстандық шахматшы әлем чемпионын жеңіп кетті (фото)

Опубликовано:

Қазақстан мектептеріне шахмат пән ретінде кіреді
Көрнекі сурет: Pixabay.com

16 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманова жаһандық Pro Chess League финалында қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді жеңді. Осы арқылы ол өзінің Gotham Knights командасының жеңісін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Қазақстанның шахмет федерациясы.

Федерация мәліметінше, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Pro Chess League (PCL) — жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін өтті.

Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншыларды жинаған 16 команда сайысты. Олардың ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.

Алуа сонымен қатар халықаралық гроссмейстерлер Адхибан Баскаран (Үндістан), Николас Теодору (Грекия), Бенджамин Бокпен (Нидерланды) тең түсті.

"Алуа Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, оқушылар арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында Азия чемпионы", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020671-16-zastagy-qazaqstandyq-saxmatsy-alem-cempionyn-zenip-ketti-foto/

pixel