Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина тағы бір беделді турнирдің ширек финалына шықты

Опубликовано:

теннис
Елена Рыбакина дайындық кезінде. Фото: Қазақстанның теннис федерацияссы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол беделді турнирдің төртінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойын 6:3, 6:3 есебімен Елена Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығып отыр.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020710-rybakina-tagy-bir-bedeldi-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/

pixel