Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атанған Тәшкенбайдың жоғарғы оқу орнынан қалай шығып қалғаны белгілі болды

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

19 жасында Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Санжар Тәшкенбайға қатысты тың ақапарт шықты. Ол жоғарғы оқу орнынан шығып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы журналист Ғалым Қожабеков Facebook парақшасында жазды.

"Ташкент-Астана бағытында ұшқан ұшаққа мініп, орныма жайғасқаным сол еді, жаныма келіп Санжар Тәшкенбай жайғасты. Содан Астанаға жеткенше біраз әңгімелестік.

Астанадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда оқыған Санжар 17 жасында бокстан Азия және әлем чемпионы болған. 18 жасында ересектер арасындағы Азия чемпионы атанды. Әңгіме барысында бір әттеген-айы бар екенін де айтып қалды.

Мен бір сөзімде қайда оқисың деп қалдым.

Ол болса "Ешқайда оқымаймын, 2021 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, бірінші курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады, одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным және жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым.

Ақылы оқуға ауысайын десем қаражат жетіспейді, үйде менен басқа бес бала бар, әкем қарапайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды. Бұл кездері мен жастар арасындағы Азия және әлем чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жүргенмін. Тынымсыз жаттығуларымның арқасында екі жарыста да чемпион болдым. Ал 2022 жылы ересектер арасындағы чемпионатта чемпион атандым. Бірақ оқуымнан шығып қалдым, соған өкінемін, аға" деп көңілінде жүрген бір кірбіңін білдірді.

Енді не істейсің десем, "Көкшетаудағы педагогика институтына баратын шығармын, спорт өмір бойы серік болмайды ғой..." деп отыр кеше ғана әлемді мойындатқан Санжар чемпион.

"Санжар бұл жағдайды жүрегіңе жақын алма, бір жөні болар, сен енді осы күздегі Азия ойындары мен алдағы жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарын ойла!" – дедім өзімше тілеуқор көңілмен, алтын медалін алақанында ұстап отырған, қазақтың абыройын аспандатқан Тәшкенбайға.

Оқығысы келетін балаға қарап ойланып қалдым", - деді ол.

Еске сала кетсек, 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандық спортшы финалда Грузия өкілі Сахил Алахвердовимен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020830-alem-cempiony-atangan-taskenbaidyn-zogargy-oqu-ornynan-qalai-sygyp-qalgany-belgili-boldy/

pixel