Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жанкүйерлер Юрмаладағы жағалауға Қазақстанның ең үлкен туын жайды

Опубликовано:

Қазақстан туы Балтық жағалауына жайылды
Қазақстан туы. Фото: icehockey.kz

Бұл күндері Латвия мен Финляндияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынды тамашалауға барған отандық жанкүйерлер жағалауға еліміздің ең үлкен туын жайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, бұл жолы жанкүйерлер Юрмаладағы Балтық теңізінің жағалауына еліміздің көк байрағын жайып қойған.

Бұл қадамға жанкүйерлер әлем чемпионатында бақ сынап жатқан хоккейшілерді қолдау мақсатында барып отыр.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы екі ойын өткізіп, Норвегияны 4:3 есебімен жеңсе, Чехиядан 1:5 есебімен ұтылды. Аталған матчта жалғыз голды Максим Мухаметов соққан.

В тобындағы турнир кестесінде Қазақстан 5-орында келеді.

Бүгін Астана уақытымен 23:20-да Қазақстан құрамасы Швейцарияға қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020841-otandyq-zankuierler-yurmaladagy-zagalauga-qazaqstannyn-en-ulken-tuyn-zaidy/

pixel