Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина Римдегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайтын болды

Опубликовано:

теннис
Рыбакина кортта. Фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен шеберлік байқасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Польша өкілі Ига Швентек төртінші айналымда хорватиялық Донна Векичтен айласын асырып, келесі айналымға жолдама алды.

Енді ол Қазақстанның бірінші ракеткасымен жартылай финалға шығу үшін матч өткізеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Ига Швентек өзара үш рет кездескен. Оның екеуінде қазақстандық теннисші жеңіске жетсе, бір ойында әлемнің бірінші ракеткасының мерейі үстем болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020854-rybakina-rimdegi-turnirde-alemnin-birinsi-raketkasymen-oinaityn-boldy/

pixel