Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден әлем чемпионаты: сарапшы Қазақстан мен Канада арасындағы кездесуге болжам жасады

Опубликовано:

Константин Пушкарев
Фото: Parimatch

Бүгін кешке Ригада шайбалы хоккейден әлем чемпионатының кезекті матчы өтеді, онда Қазақстан мұз мастодонттары Канада құрамасымен кездесетін болады.

Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы текетіреске қатысты өз болжамын бөлісті.

Канада – Қазақстан

Кеше Швейцариямен өте күрделі межеден өткен біздің құраманы бүгін былтырғы чемпионаттың күміс жүлдегері атанған мықты қарсыласпен кездесуі күтіп тұр. Канада құрамасының мықты қарсылас екендігін айтудың еш керегі жоқ. Хоккейден әлем чемпионатының тарихында "үйеңкі жапырақтардың" 52 медаль жиынтығы бар: 9 қола, 16 күміс және 27 алтын. Бұл таңқаларлық жағдай емес, өйткені дәл осы ел хоккейдің отаны болып келеді.

Сарапшының айтуынша, швейцариялықтармен өткен ауыр матчтан кейін, осындай жылдам командаға қарсы қорғаныста ойнауға көп күш жұмсауға тура келген кезде, Қазақстан құрамасының физикалық тұрғыдан әлсірегені және үшінші кезеңнің оларға қиын өткендігі байқалды. Ол жекпе-жек Швейцария қақпасына шабуыл жасалмай өтті десек артық болмас.

Бүгінгі ойын одан да қиын болатынына күмән жоқ. Екінші күн қатарынан Қазақстан құрамасына агрессивті, талапшыл және физикалық жағынан өте қуатты құрама қарсы тұратын болады. Пушкарев қақпашы Андрей Шутов бұл матчқа қатыса алмай, өткізіп жіберуі мүмкін деп санайды. Кешегі ойын кездесуінде лақтырылған шайбаларға "тойып", оның жауапты аймағында қысым өте көп болуымен байланысты деп түсіндірді. Бүгін ұлттық құраманың қақпасында екінші қақпашы - Бояркин ойнауы әбден мүмкін. Көптеген қазақстандық хоккейшілер үшін бұл әлем чемпионаты бірінші екенін ұмытпаған жөн. Мұндай жеңілістерді сәтсіздік ретінде емес, тәжірибе ретінде қабылдау керек, соның негізінде қателіктермен жұмыс істеуге болады.

Константин Пушкарев бүгінгі матчта Канада сөзсіз фаворит екеніне сенімді, бірақ Қазақстан құрамасына деген сенім мен жанкүйерлердің қолдауы біздің хоккейшілерімізге бұрынғыдан да қажет екендігін атап өтті.

Parimatch мамандары негізгі уақытта ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Канада - 1.05, тең ойын - 15.00, Қазақстан - 30.00

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2020981-xokkeiden-alem-cempionaty-sarapsy-qazaqstan-men-kanada-arasyndagy-kezdesuge-bolzam-zasady/

pixel