Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санжар Тәшкенбайға белгілі кәсіпкер Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер сыйлады (видео)

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Instagram/mahat_torali

Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Санжар Тәшкенбайға белгілі кәсіпкер Махат Төреәлі бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Бұл туралы Парламент мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай Instagram парақшасында жазды.

"Алтын алып келген қазақтың “алтын баласына” құрмет.

Бүгін Махат Төреәлідей мәрт досымыз бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай мен жеке бапкері Нұржан Насановтың астына сәйгүлік мінгізіп, Санжар бауырымызға елорданың төрінен пәтер сыйлады.

Санжардың ата-анасы қарапайым кісілер екен. Айтуларынша, 20 жылдан бері пәтер жалдап тұрады.

"Жаңа үйіңнің бір бұрышы кубок пен медальға толсын" деп тілек айттық.

Санжар батыр, ел сенің болашағыңнан зор үміт күтеді. Олимпиада чемпионы атан! Сүрінбе, ерінбе!" - деді ол.

Еске сала кетсек, 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Санжар Тәшкенбай финалда Грузия өкілі Сахил Алахвердовимен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Осылайша, отандық боксшы әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2021019-sanzar-taskenbaiga-belgili-kasipker-astana-qalasynan-bir-bolmeli-pater-syilady-video/

pixel