Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Асланбек Шымбергенов пен Махмұд Сабырханға медаль табыс етті (фото)

Опубликовано:

марапаттау рәсімі
Руслан Жақсылықов пен Асланбек Шымбергенов. Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы кезінде Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен 2023 жылғы бокстан әлем біріншілігінің жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов ерекше көзге түскен спортшыларды құттықтады.

"Тартысты жекпе-жекте жауынгерлік жігер мен нағыз батылдық көрсеттіңдер. Сендердің бұл жеңістерің – елімізді халықаралық аренада дәріптеуге қосқан үлестерің", – деді министр.

Қазақстан құрамасының капитаны орталық спорт клубының аға маманы Асланбек Шымбергеновке "Ел қорғаны" медалін, аға маман Махмұд Сабырханға "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалін тарту етті, сондай-ақ оларға естелік сыйлықтар да табысталды.

Одан бөлек, 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ташкентте өткен әлем чемпионатына қатысқан кіші сержант Сәкен Бибосынов та министрдің қолынан естелік сыйлық алды.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бокстан әлем чемпионы, Спорт комитеті – Орталық спорт клубы штаттық командаларын даярлау орталығының бас жаттықтырушысы капитан Біржан Жақыпов бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2021021-ministr-aslanbek-symbergenov-pen-maxmud-sabyrxanga-medal-tabys-etti-foto/

pixel