Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махмұд Сабырханға Шымкент қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді (фото)

Опубликовано:

боксшы
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ташкентте топ жарған Махмұд Сабырханға Шымкент қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады.

Ол құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.

Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер ал жаттықтырушысына 5 млн теңге ақшалай сыйлық табыстады.

Айта кетейік, 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан Өзбекстан өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістіреді.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен отандық боксшы жеңіске жетті. Ол қарсыласын үшінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша, Махмұд Сабырхан бокстан Ташкентте өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2021027-maxmud-sabyrxanga-symkent-qalasynan-eki-bolmeli-paterdin-kilti-tabys-etildi-foto/

pixel