Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте Куба құрамасына жалғыз алтын сыйлаған боксшы еліне барудан бас тартқан

Опубликовано:

Йоэнлис Эрнандес
Йоэнлис Эрнандес. Фото: twitterfrancysromeroFR

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында Куба құрамасына жалғыз алтын медальді сыйлаған Йоэнлис Эрнандес еліне қайтудан бас тартқан. Бұл туралы rg.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сейсенбі күні бұл мәліметті Куба бокс федерациясы растады.

"Жақында Ташкенттегі әлем чемпионатына қатысқан спортшы Йоэнлис Эрнандес ұлттық құрамадан кетті. Ол Панама әуежайы арқылы ұшпақ болғанда, командалас достарынан бөлек кеткен. Екі дүркін әлем чемпионы Гаванаға келуден бас тартты. Бұл ұлттық құрамадан алшақтау әрі алдағы маусымдарға арналған келісімшартты орындамау болып саналады. Енді оның орнына басқалар келеді. Бұл - тәртіпсіздік", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Йоэнлис Эрнандес әлем чемпионатында Куба құрамасының сапынан жалғыз өзі чемпион атанды. Ол 75 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, бразилиялық Вандерлей Перейраны ұтты.

Эрнандес 2021 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында да топ жарған еді.

Йоэнлис Эрнандес 25 жаста. Ол 75 келіге дейінгі салмақта Кубаның ғана емес, әлем боксының үздігі саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2021080-taskentte-kuba-quramasyna-zalgyz-altyn-syilagan-bokssy-auezaidan-qasyp-ketti/

pixel