Чемпиондар лигасының финалына шыққан командалар анықталды
Опубликовано:

Түнде Чемпиондар лигасының финалына шыққан екінші команда анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Түнде "Манчестер Сити" мен "Реал Мадрид" арасындағы жауапты матч өтті.
Ойынның 23-минутында ағылшындық клубтың жартылай қорғаушысы Бернарду Силва есеп ашып, 37-минутта екінші рет мергендігімен көзге түсті.
Осыдан кейін карольдік клуб шабуылға иек артқанымен, "Манчестер Сидидің" қақпашысынан айласын асыра алған жоқ.
76-шы минутта Мануэль Аканджи "Реал Мадрид" қақпасына тағы бір гол соқты.
Кездесудің нүктесін 90-минутта Хулиан Альварес қойды.
Осылайша, Пеп Гвардиоланың шәкірттері Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды.
Қос ұжымның қатысуымен өткен алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелген болатын.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалына бірінші болып "Интер" клубы шықты. Симоне Индзаги шәкірттері жартылай финалда "Милан" клубын жарыс жолынан шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2021083-cempiondar-ligasynyn-finalyna-syqqan-komandalar-anyqtaldy/