Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің бірінші ракеткасын ұтқан Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

теннис
Рыбакина кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасып, жеңіске жетті.

Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. 

Енді Елена Рыбакина жартылай финалда латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Қазақстандық спортшының қарсыласы әлемнің 20-ракеткасы болып саналады. Ол ширек финалда испаниялық Паула Бадосадан айласын асырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021174-alemnin-birinsi-raketkasyn-utqan-rybakinanyn-zartylai-finaldagy-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel