Жалғас Жұмағұловтың келесі кездесуіне қатысты тың ақпарат шықты
Опубликовано:

UFC-де өнер көрсететін Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Отандық спортшының келесі кездесуі туралы ақпаратты ММА сарапшысы Марсель Дорфф Twitter желісіндегі парақшасында жазған.
"Аса жеңіл салмақтағы LFA чемпионы Фелипе Бунес UFC-мен келісімшартқа отырды. Ол әлемнің үздік лигасындағы дебютін 17 маусым күні UFC Vegas 75 турнирінде жасайды. Спортшының қарсыласы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов", - деді Дорфф.
Еске сала кетейік, 34 жастағы Жалғас Жұмағұлов ережесіз жекпе-жектен америкалық UFC лигасында өнер көрсетеді. Ол алты кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіске жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2021194-zalgas-zumagulovtyn-qarsylasy-kezdesuine-qatysty-tyn-aqparat-syqty/