Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа лигасының финалына шыққан командалар белгілі болды

Опубликовано:

Севилья
"Севилья" ойыншылары жасыл алаңда. Фото: Twitter/UEFA Europa League

Түнде футболдан Еуропа лигасы жартылай финалының жауапты матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Севилья" өз алаңында туриндік "Ювентус" клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Сусо, Эрик Ламела - Душан Влахович.

Осылайша, испаниялық клуб Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Ақтық мәренің екінші жолдамасына "Байер" мен "Рома" таласып, Жозе Моуриньоның шәкірттері келесі кезеңге шықты.

Еске сала кетейік, "Ювентус" пен "Севилья" арасындағы алғашқы ойын тең нәтижемен аяқталса, "Рома" Хави Алонсо жаттықтыратын "Байер" клубын минималды есеппен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021224-europa-ligasynyn-finalyna-syqqan-komandalar-belgili-boldy/

pixel