Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәре – тек бастамасы: Parimatch Tau Jarys марафонына қатысуға шақырады

Опубликовано:

бег
Фото: shutterstock

23 мамырда Алматыда дәстүрге айналған «Алматы марафоны» жүгіру жарысының негізін қалаушыларының ұйымдастыруымен жыл сайынғы Tau Jarys кросы өтеді. Оған осы бағыттағы жарыстарды қолдайтын әр азамат қатыса алады. Дегенмен, бұл жолы қатысушылар ұйымдастырушының ресми серіктесі – Parimatch беттинг-компаниясынан қосымша мотивацияға ие болады деп күтілуде.

Tau Jarys өткен жылы бастау алып, жүгіру жарысының жанкүйерлері үшін жаңа форматты ұсынды. Жол Алматы облысындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінің таулы өңірінен өтеді. Биыл ересектердің жүгіру арақашықтығына (6 және 12 км) балалар маршруты да (2 км) қосылды, осылайша бір отбасы бірге жүгіруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар жарыс қатысушыларын көңілді ойын-сауық бағдарламасы мен отбасылық фестиваль күтеді.

«Tau Jarys – бұл нағыз спорт мерекесі, мұнда жиналған барша қатысушы мен іс-шараның қонақтары отбасыларымен келіп, көңілді уақыт өткізе алады, атмосферадан ләззат алып, спортсүйер қауыммен әңгімелесуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ іс-шараларға қатысу арқылы бағын сынап, дәмді түскі ас ішуге жағдай жасалған», - деді шараның ұйымдастырушысы, «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

Дегенмен іс-шараның басты мақсаты Қазақстанда спорт пен салауатты өмір салтын дамыту болып қала бермек. Шараның басты серіктесі – Parimatch компаниясы да осы мақсатты ұстанады. Беттинг-компаниясы қазақстандықтарды жаңа жетістіктерге жетелеу үшін күш пен қуат алуға бағытталған еліміздегі спорттық ұйымдарды, клубтар мен қозғалыстарды белсенді түрде қолдайды.

«Parimatch үнемі спортпен қатар жүреді. Біз «Алматы марафоны» жарыстарын қуана қолдаймыз, өйткені олардың әрқайсының өзіндік форматы бар. Tau Jarys та соның бірі. Бұл жарыстың жаңа форматы бағын сынамақ болған тәжірибелі және жаңадан келген спортшылар үшін жыл сайын өтетін шараға айналуға әбден лайық, жарыстың соңында әр қатысушы пікірлестері мен жанкүйерлерінің ортасында фестивальде жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік алады. Parimatch осындай жаңа іс-шараларға қуана ат салысып келеді және барша халықты да қатысуға шақырады», - деп сөзін аяқтады Parimatch Kazakhstan компаниясының бренд маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева.

Іс-шара туралы толығырақ ақпаратты «Алматы марафоны» сайтынан, сондай-ақ Parimatch Kazakhstan ресми парақшаларынан білуге болады.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021300-mare-tek-bastamasy-parimatch-tau-jarys-marafonyna-qatysuga-saqyrady/

pixel