Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы жолын қалай аяқтайды?

Опубликовано:

Константин Пушкарев
Фото: Parimatch

Канада құрамасымен орталық межеден өткен Қазақстан құрамасын алдағы уақытта одан кем түспейтін қарсыластармен күрделі матчтар күтіп тұр. Осы аптада біздің отандастарымыз Словакия және Латвия құрамаларымен мұз айдынында бас түйістіретін болады.

Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы қақтығыстар жайлы өз болжамын бөлісті.

Қазақстан - Словакия

Кеше Словакия Швейцария құрамасына қарсы ауыр шайқас өткізіп, 4-2 есебімен ең мықты құрамалардың біріне жол берді. Словактарды бақылай отырып, оларды жылдам, мықты, агрессивті команда деп айтуға болады. Сонымен қатар олар Латвия құрамасы сияқты плей-оффқа шығу үшін барын салып ойнайды, сондықтан Словакия құрамасы үшін бүгінгі қарсыластық маңызды ойындардың бірі болмақ.

Қазақстан құрамасы мықты команда болып табылады. Қарсыласымыздан айырмашылығы, біздің хоккейшілер бір күндік үзілістің арқасында күш жинай алғанын ескере кету керек. Пушкаревтің айтуынша, Канада құрамасымен, әсіресе екінші жартысында өткен матчта Қазақстан құрамасы жылдамдықты айтарлықтай арттырғаны байқалды. Жылдам қозғалыс және шешім қабылдау қажет екенін түсінген қазақстандықтар канадалықтармен бірдей динамика деңгейінде ойнай бастады. Швейцария мен Канадаға қарсы матчтарды ең маңызды ойындар алдында мықты қарсыластармен кездесу деп сипаттауға болады.

Константин Пушкарев бұл матчтың басты фавориті Словакия болса да, Қазақстан құрамасының да бұл кездесуді өз пайдасына аяқтауға барлық мүмкіндігі бар деп санайды.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Қазақстан-10.50, тең ойын-7.10, Словакия – 1.22

Қазақстан - Латвия

Сенбіде Латвия құрамасы да, Қазақстан құрамасы да екінші күн қатарынан ойнайтын болады. Сондықтан дайындық тұрғыдан бәрі бірдей жағдайда болады. Әрине, бұл деңгейде қатарынан екі матч ойнау қиынға соғады. Алайда Латвия хоккейден әлем чемпионатының иелері ретінде жанкүйерлер жағынан артықшылығы бар, олар қолдау көрсетіп, өз спортшыларына мықты рух беріп, тек жеңісті күтетін болады.

Сарапшының айтуынша, Латвия агрессивті, жүйелі ойын көрсете алады. Латвиялықтар әдемі хоккейді көп көрсетпесе де, шайбаны керек жерге жеткізіп, тиімді есеп көрсете алады.

Пушкарев Латвия осы кездесуде фаворитке ең жақсы үміткер болып отырғанына сенімді. Матч оңай болып өтпейтіні анық, ал Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда өз орнын сақтап қалу үшін қорғанысқа шоғырланып, ұпайларын жіберіп алмау үшін барын салып жұмыс істеуі тиіс.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Қазақстан-7.10, тең ойын– 5.50, Латвия-1.3

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2021315-qazaqstan-quramasy-xokkeiden-alem-cempionatyndagy-zolyn-qalai-ayaqtaidy/

pixel