Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ футболының аңызы Қайрат Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Нұрдәулетов
Қайрат Нұрдәулетов. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақ футболының аңызы, Қазақстан чемпионы, 2002 жылғы еліміздің үздік жартылай қорғаушысы - Қайрат Нұрдәулетов "Мақтаарал" футбол клубының бас бапкері атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Мақтарал" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Нұрдәулетов - ойыншы ретінде "ЦСКА-Қайрат", "Есіл-Богатырь", "Ертіс", "Қайрат", "Тобыл", "Астана", "Қайсар" клубтарында доп теуіп, ел чемпионы, Қазақстан кубогының жеңімпазы, Қазақстан суперкубогының иегері және жылдың үздік ойыншысы атағына қол жеткізген.

Ол ұлттық құрама сапында 35 ойын өткізіп, 5 гол салды.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Қайрат Нұрдәулетов ұлттық құраманың бапкерлік штабына жұмысқа келді. Кейіннен Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

"Мақтаарал" футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі болып Руслан Эсатов тағайындалса, фитнес жаттықтырушы міндетін Асқар Мұратұлы атқарады. Қақпашы жаттықтырушы қызметіне Юрий Новиков келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021335-qazaq-futbolynyn-anyzy-qairat-nurdauletov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel