Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтірік көлік сыйлағандар болды": ММА шебері Қайрат Ахметов спорттағы "жалған" жанашырлары туралы айтты

Опубликовано:

Қайрат Ахметов
Қайрат Ахметов. Скриншот: youtube/@SPORTNAMA

Ережесіз жекпе-жектен Qazaq атымен танылған Қайрат Ахметов Sportnama жобасына сұхбат беріп, спорттағы демеушілерінен қандай да бір сыйлық алмағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған түнде телефон шалып: "Бауырым, құтты болсын, саған көлік сыйлаймын!", - дегендер болды. Осыдан соң жүрегім дүрсілдеп, менің де еңбегімді бағалайтындар бар екен деп, қуанатынмын. Бірақ сол адамдар әлгі қоңыраудан кейін жоқ болып кетеді. Өзім телефон шалып, сұрауға ұяламын. Бір қызығы, мұндай жағдай бірнеше рет болды. Бәріне өз еңбегіммен жетіп келемін. Данияр Қасқарауов ағай бастаған бір топ үй алатын кезде ақша жинап берді. Жарты ақшасын өзім қосып, "Ақсай" жақтан үй алдым.

Негізі, осы уақытқа дейін маған ешкім олай сый жасамапты. Егер он адам тұрса, оның тоғызына сыйлық береді де, мен сырт қаламын. Өзім сондай адаммын. Ешкімнен ештеңе сұрап көрмегем, маған ешкім ештеңе бермеген. Көлік мінгізген жоқ, өзім сатып алдым, кредитке алдым. Мен жоқпын. Қай жерде болсын, маған ешкім ештеңе бермеген. Мен не шеттеліп қаламын, не көрінбей қаламын, не ұмытып кетеді. Осы күнге дейін ешкімнің ала жібін аттамадым. Ешкімді ренжіктен емеспін. Біреудің алдында бірдеңе сұрап бара алмаймын", - деді спортшы.

Еске сала кетейік, Қайрат Ахметов белгілі файтер Қуат Хамитов туралы пікір айтып, онымен араласпай кетуінің себебін түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2021513-otirik-kolik-syilagandar-boldy-mma-seberi-qairat-axmetov-sporttagy-zalgan-zanasyrlary-turaly-aitty/

pixel