Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасы ірі жеңіліспен ұтылса да, әлемдік элитада қалды

Опубликовано:

хоккей
Көрнекі фото: pexels.com

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде отандық хоккейшілер Швейцариядан 0:5, Канада мен Чехиядан 1:5, Латвиядан 0:7 есебімен ұтылып, Норвегия мен Словакияны (4:3) буллит сериясында жеңді.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасында төрт ұпай бар. Ал Словения барлық кездесуінде қарсыластарына есе жіберді.

Қазақстан мен Словения арасындағы ойын 22 мамырда өтеді. Бұл матчта отандық хоккейшілердің қарсыласы жеңген жағдайда да, Қазақстан құрамасына ұпай бойынша жете алмайды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2021530-xokkeiden-qazaqstan-quramasy-iri-zenilispen-utylsa-da-alemdik-elitada-qaldy/

pixel