Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

Опубликовано:

теннис
Дмитрий Попко кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Пенсакола ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Әлемнің 419-ракеткасы Попко жарыс барысында бес кездесуін де сәтті өткізді.

Доданың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған америкалық Эйден Киммен кездесті. Дмитрий Попко 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұған дейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті жаңартқанын жазған болатынбыз.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингте бір сатыға көтеріліп, 48-орынға жайғасса, ал Тимофей Скатов 145-тен 147 сатыға төтендеді.

Сонымен қатар Михаил Кукушкин – 291, Денис Евсеев – 305, Бейбіт Жұқаев – 326, Дмитрий Попко 413-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021539-qazaqstandyq-tennissi-aqs-tagy-turnirde-zenimpaz-atandy/

pixel