Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анна Данилина Париждегі жарыстың жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина кортта: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Париждегі WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстаннның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, украиналық Надежда Киченок - америкалық Алисия Паркспен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 7:6 (7:2), 14:12 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Осылайша, Анна Данилина жұптық сында WTA додаларында төртінші трофейіне қол жеткізді. Бұған дейін ол Сидней (WTA 500), Варшава (WTA 250), Гдань (WTA 250) турнирлерінде жеңімпаз атанған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті жаңартқанын жазған болатынбыз.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингте бір сатыға көтеріліп, 48-орынға жайғасса, ал Тимофей Скатов 145-тен 147 сатыға төмендеді.

Сонымен қатар Михаил Кукушкин – 291, Денис Евсеев – 305, Бейбіт Жұқаев – 326, Дмитрий Попко 413-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021586-anna-danilina-parizdegi-zarystyn-zenimpazy-atandy/

pixel