Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алған боксшылар бір-бірінің су жаңа пәтеріне шашу шашты (видео)

Опубликовано:

Дулат Бекбауов Асланбек Шымбергеновтың пәтерінде
Дулат Бекбауов Асланбек Шымбергеновтың пәтеріне шашу шашты. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ұлдана Жұбай

Бүгін бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен күміс жүлдегер Дулат Бекбауовқа су жаңа баспанасының кілті ресми түрде табысталды. Боксшылар көрші атанып, бір-бірінің пәтеріне шашу шашып кірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жергілікті әкімдік жамбылдық спортшыларға су жаңа тұрғын үй кешенінен баспана берді. Асланбекке 102 шарты метрлі үш бөлмелі, Дулатқа 70 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Бұған дейін Байзақ ауданында тұрып келген Асланбек енді қаладағы пәтеріне қоныс аударуды жоспарлап отыр.

"О, бауырым құтты болсын баспана! Іші жанға, сырты малға толсын! Ішінде тек қуаныш болсын, бауырым!", - дейді Дулаттың баспанасына бас сұққан Асланбек.

Әлем чемпионы осындай баспана бергені үшін облыс әкіміне, спорт басқармасы басшысына алғыс білдірді.

Асланбек Шымбергенов отбасымен
Асланбек Шымбергенов отбасымен. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ұлдана Жұбай

"Жеке жаттықтырушым Ермек Ертаевқа үлкен рақмет. Осы жарысқа дайындап, мені баптап апарғаны үшін. Әрине, жарыс оңай болған жоқ, бар күшімізді салдық. Алдымен тер төктік, көп еңбек еттік. Сол бір Алланың қалауымен жеңіске жеттік. Қазақ елін жеңіспен қуантқаныма өте қуаныштымын. Енді осы жаңа пәтерге көшуді ойластырып жатырмыз. Нақты кім тұратын алда белгілі болады", - деді әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов.

Тараздағы тұрғын үй
Тұрғын үй кешені. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ұлдана Жұбай

Ал Тараздағы 10 шағынауданда тұратын Дулат бірден жаңа үйіне көшетінін айтады. Ал анасы ұлының жетістігіне қуанып, көз жасына ерік берді. Спортшылардың жеке бапкерлері де сый-сияпаттан құр қалмады. Алтын алған Асыланбектің жеке жаттықтырушысы Ермек Ертаевқа 5 млн, ал шәкірті күміспен күптелген Нұрлан Ақүрпековке 3 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Автор: Ұлдана Жұбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2021601-alem-cempiionatynda-altyn-zane-kumis-zulde-algan-zambyldyq-bokssylar-bir-birinin-su-zana-paterine-sasu-sasty-video/

pixel