Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытай келе алмайды": регбиден Алматыда өтетін Азия чемпионатына дайынбыз ба

Опубликовано:

Регбиге арналған доп
Регбиге арналған доп. Фото: pixabay.com

23-28 мамыр аралығында Алматыда регби-15-тен жоғары дивизиондағы әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Чемпионатта Гонконг, Жапония және Қазақстан құрамалары бақ сынайды.

23 мамыр күні өтетін бірінші жарыс күнінде Қазақстан мен Гонконг құрамалары кездеседі. Аталған матч 16:00-де басталып, финалға жолдама алған команда анықталады.

Ал 28 мамыр күні Жапония құрамасы Қазақстан/Гонконг командаларының арасындағы жеңімпазбен финалдық кездесу өткізеді. Айта кетелік, алғашында Жапония құрамасы жартылай финалда Қытай Халық Республикасының құрамасымен ойнауы тиіс еді. Алайда техникалық себептерге байланысты ҚХР командасы Регби-15-тен Алматыда өтетін Азия біріншілігіне келе алмайды.

Финалдық ойын 28 мамыр күні 15:00-де басталады.

"Регби-15-тен Алматыда өтетін Азия чемпионаты біз үшін өте маңызды. Мұндай ірі деңгейдегі спорттық іс-шараны өткізу арқылы халықаралық регби Одағының Қазақстандағы регби спортына деген оң көзқарасын көрсетеді. Біздің ендігі міндетіміз – сары құрлық чемпионатын абыроймен өткізу. Регби тек Азияда ғана емес, әлемдегі ең танымал командалық ойын түрі саналады. Қазақстанның әйелдері құрамасы Азиядағы мықтылар санатына кіреді. Біздің команда алдындағы мақсат – әдемі әрі сапалы ойын көрсетіп, финалдық кезеңге өту", - дейді Қазақстан Регби федерациясының президенті Айгүл Жартыбаева.

Азия чемпионаты 23 мамырда басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021623-qytai-kele-almaidy-regbiden-almatyda-otetin-aziya-cempionatyna-daiynbyz-ba/

pixel