Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық "Қайрат" пен ташкенттік "Пахтахор" арасындағы матчтың қашан өтетіні белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Алматылық клуб
Фото: vk.com/fckairat

"Қайрат" футбол клубы мен "Пахтахор" арасында жолдастық кездесу өтетін болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты алматылық ұжымның баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында растады.

"Қайрат" пен "Пахтахор" арасындағы ойын 2023 жылдың 19 шілдесінде оңтүстік астанадағы "Орталық" стадионда өтпек.

"Орталық Азия дербиі 33 жылдан кейін Алматыға қайта оралады. Алматылық "Қайрат" пен ташкенттік "Пахтакор" жазда Қазақстанның оңтүстік астанасында жолдастық кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, "Қайрат" футбол клубы оқу-жаттығу жиыны аясында бішкектік "Дордой" командасымен кездескен болатын. Тартысты өткен матчта алматылық ұжым 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021633-almatylyq-qairat-pen-taskenttik-paxtaxor-arasyndagy-matctyn-qasan-otetini-belgili-boldy-video/

pixel