Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимпиада чемпионы болсын": Махмұд Сабырханға жерлестері ат мінгізді (видео)

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өткен Әлем чемпионатында топ жарған Махмұд Сабырханға ауылдастары ат мінгізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл сәттің видеосы Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан Махмұд Сабырханға жерлестерінің ерекше құрмет көрсеткенін аңғару қиын емес.

"Бокстан әлем чемпионы Махмуд Сабырханға ауылдастары ат мінгізді", - делінген видео мәтінінде.

Бұны көрген желі оқырмандары отандық боксшының бұндай сый құрметке лайықты екенін жарыса жазды.

"Махмұд Ташкентте өте жақсы жұдырықтасты. Енді Олимпиада чемпионы болсын", "Жарайсың Махмұд", "Лайықты жігіт", "Азаматын аспанға көтеріп жатқан ауылдастарына алғысым шексіз", "Жерлестері сыйлаған жылқы әдемі екен", "Тамаша", "Ұйымшыл ауыл екені көрініп тұр", "Шын жүректен құттықтаймын", - деді олар.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2001 жылы 8 қыркүйекте Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Маятас ауылында дүниеге келген. Ол - Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы және Белградта өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол Азия чемпионатында екінші орынға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021635-olimpiada-cempiony-bolsyn-maxmud-sabyrxanga-zerlesteri-at-mingizdi-video/

pixel