Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Женевадағы турнирдің алғашқы матчында ойсырай жеңілді

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцариядағы турнирде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Женева қаласында басталған беделді жарыстың алғашқы айналымында отандық теннисші әлемдік рейтингте 74-сатыда тұрған АҚШ өкілі Маркос Гиронмен шеберлік байқасты.

Екі сетте аяқталған ойында америкалық спортшы жеңіске жетті. Есеп 0:6, 4:6.

Осылайша, Александр Бублик жалпы жүлде қоры 630 705 еуроға бағаланған Женева турнирін аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті жаңартқанын жазған болатынбыз.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингте бір сатыға көтеріліп, 48-орынға жайғасса, ал Тимофей Скатов 145-тен 147 сатыға төмендеді.

Сонымен қатар Михаил Кукушкин – 291, Денис Евсеев – 305, Бейбіт Жұқаев – 326, Дмитрий Попко 413-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021653-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-zenevadagy-turnirdin-algasqy-matcynda-oisyrai-zenildi/

pixel