Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының әкімі танымал екі спортшыға пәтер кілтін табыстады (видео)

Опубликовано:

марапаттау рәсімі
Марапаттау рәсімі. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімі стенд атудан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлеріне пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы облысында тұңғыш рет стенд атудан рейтингтік лицензиялық Әлем Кубогы басталды. Жарыс Іле ауданындағы Александр Асанов атындағы ату клубында өтуде.

Біріншіліктің ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әлемдік деңгейде жоғары жетістікке жетіп жүрген қос спортшыға пәтер кілтін сыйлады.

Олар Әлем Кубогының жеңімпазы және бірнеше дүркін жүлдегері, әлем чемпионатының жүлдегері Әсем Орынбай және Әлем Кубогы мен Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Эдуард Ещенко. Мергендерге "Gate City" тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер берілді.

"Бүгін менің ең бақытты күндерімнің бірі. Алматы облысының әкімі салтанатты түрде маған пәтер кілтін табыстады. Біздің аймақта спортшылар тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қолдауды сезінетін айта кеткім келеді. Өз тарапымыздан бізге артылған сенімді ақтауға тырысудамыз. Бұл Әлем Кубогы өз жерімізде өткенімен қоса Олимпиада жолдамасына қажет ұпай алуға мүмкіндігімен маңызды. Әлем Кубогы бірнеше кезеңнен тұрады. Хорватиядағы кезең өтіп, алда Баку жарысы қалды. Барлық кезең нәтижесі бойынша жиналған ұпай саны қосылып, ең көп ұпай алған спортшы Париж-2024 Олимпиада жолдамасын иеленеді", - деді Әсем Орынбай.

"Бүгін қуанышқа толы күн болды. Біріншіден, стенд атудан Әлем Кубогының керемет ашылу салтанаты өтті. Екіншіден, бізге үлкен сыйлық берілді. Елімізде спорт осындай жоғары деңгейге көтіріліп жатқаны қуантады. Біз бұны мақтан тұтамыз және және шын бақыттымыз. Өз стадионымызда жақсы өнер көрсетуге мүмкіндік бар деп ойлаймын. Тек өзіңе сеніп, қателікке жол бермеу керек1, - деді Эдуард Ещенко.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда стенд атудан Əлем кубогының кезеңі басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021688-almaty-oblysynyn-akimi-tanymal-eki-sportsyga-pater-kiltin-tabystady-video/

pixel