Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіби шабандоз жүргізуші Қазақстандағы мотоцикл маусымының ашылуы туралы: Мотокросс – өмір салты

Опубликовано:

Мотокросс
Фото: Parimatch

26-27 мамыр аралығында Қазақстанда кезекті мотоцикл маусымы ашылады. Биылғы шара жаңа серіктес - Parimatch компаниясымен бірге жаңа деңгейге өтеді деп күтілуде. Маусымның ашылу қарсаңында брендтің амбассадоры әрі белгілі шабандоз жүргізуші Дмитрий Семенихин мотокросс деген не және оның қыр-сыры туралы толығырақ айтып берді.

- Неліктен бұл спортты таңдадыңыз? Жалпы мотокросс сізге не береді?

- Мен мотокросқа 7 жыл бұрын кездейсоқ кездесу арқылы келдім. Бастапқыда өз бетімше жаттығатынмын, бірақ 2020 жылы көлік жүргізу техникамды жетілдіру үшін жаттықтырушымен бірге жаттығамын деп шештім, өйткені мұнда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

Бүгін мен мотокросс - өмір салтым деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жарыс қана емес, сонымен қатар мотоциклді сайысқа дайындау және өзіңді жаттығулар арқылы шыңдау, тек осы арқылы мен жарыстарда өзімнің және "темір тұлпарымның" бар мүмкіндігін көрсете аламын. Жарыстарда әркез толқу болады, тынысың тарылатын кездер де болады. Толқудың салдарынан ойдағы нәтижеге жетпей жатасың, бірақ осы әсер үшін қайта оралғың келіп тұрады, қайта сезінгің келеді. Ең үлкен қиындық - қорқыныш пен күмәнді жеңу.

- Сырттай қарағанда, сіздің орындаған барлық амалыңыз оңай көрінеді. Ал шындығында қалай?

- Бұл көріністің артында бірнеше сағаттық жаттығулар мен үлкен дайындық жатыр. Сырттай қарағанда қорқынышты сияқты, бірақ дәл сол трюкті қайталай берсең, әдетке айналып, оңай жасалады. Дегенмен, әр жасаған сайын үздік нәтижеге ұмтыласың - қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, биігірек секіріп, жылдамырақ жүргің келеді.

- Сіз қандай жетістігіңізді ерекше мақтан тұтасыз?

- Біріншіден, мен мотокросқа келгенімді мақтан тұтамын. Сондай-ақ 125-кластағы бірінші чемпионатымды айтар едім, онда мен барлық қалаларды аралап, үшінші орынға ие болдым. Сол кезде шынымен де барлығына қол жеткізуге болатынын түсіндім. Осы спорт түрімен ары қарай айналысып, жаңа белестерді бағындыруға деген құлшынысым одан сайын арта түсті.

- Осы бағытқа аяқ басқан жас спортшылардың нені білгені жөн деп санайсыз?

- Мотокросс барлығына қолжетімді және одан үрейленудің қажеті жоқ. Алайда бұл күрделі спорт түрі және адамнан физикалық тұрғыдан күш-жігер пен уақытты талап етеді. Бірақ алатын әсеріңіз осыған тұрарлық - сіз басқа жерде мұндай эмоцияны сезіне алмасыңыз сөзсіз.

- Қазақстанда мотокросс қаншалықты танымал немесе оның танымалдылығын қалай арттыруға болады?

- Қазір мотокросс шағын ортада танымал. Біздің өзіміздің жарыстарымыз, шабандоз жүргізушілердің қауымдастығының бар екенін білетіндер аз. Оған қосылудың жолын таппай жүргендер де баршылық. Дегенмен, жарыстарда үнемі адам көп болады - әр класта кемінде 10 адамнан, ал үлкен шараларда 100 шабандозға дейін жиналады.

Бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамып келе жатқанын халық білуі үшін БАҚ арқылы жиі айтылып отырса екен деймін. Қазақстанда арнайы тас жолдар да аз емес, майталман шабандоздар да жол сілтеп, кеңес бере алады. Мұның бәрі халыққа қолжетімді. Әрине, болашақта танымалдылық артқанда тректердің көбірек салынғанын қалаймыз.

- 2023 жылға жоспарыңыз қандай?

- Биыл мен 450 ш.сантиметрлік мотоциклге мінемін. Мен үшін бұл жаңа көлем, жаңа қуат, оған үйрену керек. Әзірге бәрі ойдағыдай деуге келмейді, алайда биылғы маусымда бүкіл чемпионатты үздік бестіктің қатарында өткізу жоспары тұр. Мен бұл үшін көп дайындалдым және қолымнан келетініне сенімдімін.

- Неліктен Parimatch-ты серіктес ретінде таңдадыңыздар?

- Parimatch-пен бірге біз мотоспортты және Қазақстан мотоспорт чемпионаты аясындағы іс-шараларды танымал ете аламыз деп сенемін.

Чемпионат Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылында сағат 12:30-да басталады. Қонақтарды Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген батыл мотокросшылардың қызу шоуы күтіп тұр.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021764-kasibi-sabandoz-zurgizusi-qazaqstandagy-motocikl-mausymynyn-asyluy-turaly-motokross-omir-salty/

pixel