Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сессияға қатыса алмадым": әлемнің төрт дүркін чемпионы оқудан неге шығып қалғанын айтып берді

Опубликовано:

Мүслим Ассадиллаұлы
Мүслим Ассадиллаұлы мен бапкері. Фото: ntime.kz

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің төрт дүркін чемпионы, түркістандық Мүслим Асадиллаұлы жоғарғы оқу орнынан шығып қалған, деп хабарлайды Түркістан ТВ.

Спортшының бапкері Болат Ибрагимов шәкіртінің болашағы үшін алаңдайтынын жеткізді.

"Талантты балаларды оқудан шығарғанша, көтермелеу керек емес пе?!" - деді ол.

19 жастағы Мүслим Асадиллаұлының өзі қазіргі уақытта ірі жарыстарға дайындалып жатқанын, арманы UFC-де көрсету екенін сөз етті.

Сонымен қатар спортшы биыл да жоғарғы оқу орнына құжат тапсырмақ.

"2021 жылы мектепті аяқтап, жоғарғы оқу орнына түстім. Оқуда жүргенде жарыстарға дайындыққа, түрлі турнирлерге көп барып, сабаққа дұрыс қатыса алмадым. Бірінші курстың соңында, емтихан кезінде Ташкенттегі әлем чемпионатына бардым. Сессияға қатыса алған жоқпын. Сол себепті бірінші курсқа қайта қалдырды.

Дипломсыз жақсы жұмысқа тұру қиын. Жоғарғы білім керек", - деді ережесіз жекпе-жектен әлемнің төрт дүркін чемпионы.

Айта кетейік, Мүслим Асадиллаұлы секілді оқудан шығып қалған спортшылардың қатарында Санжар Тәшкенбай бар. 19 жастағы боксшы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021778-sessiyaga-qatysa-almadym-alemnyn-tort-durkin-cempiony-oqudan-nege-sygyp-qalganyn-aityp-berdi/

pixel