Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екінші ракеткасы Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

Опубликовано:

теннис
Тимофей Скатов. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Отандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізді.

Бірінші партияда Скатов 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6).

Енді Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті жаңартқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021832-qazaqstannyn-ekinsi-raketkasy-rolan-garros-turnirin-satti-bastady/

pixel