Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Опубликовано:

Теннис
Фото: pixabay.com

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Недовесов мексикалық Мигель Анхел Рейес-Вареламен бірге алғашқы айналымда қазақстандық Андрей Голубев – эквадорлық Гонсалов Эскобармен кездесті.

Тартысты өткен ойында қазақстандық-мексикалық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық-мексикалық дуэт жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Сэлисберимен матч өткізбек.

Айта кетейік, бұған дейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті жаңартқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021833-otandyq-tennissi-franciyadagy-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/

pixel