Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өтіп жатқан әлем кубогында қазақстандық спортшы ел қоржынына екінші медаль салды

Опубликовано:

Әсем Орынбай Алматыдағы Әлем кубогында
Әсем Орынбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан Алматыдағы Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Скит бағдарламасында аралас жұптық сында отандық спортшылар тек Италия-2 құрамасына жол берді.

Атап айтар болсақ, мұнда Таммаро Кассандро мен Кьяра Кайнеро (Олимпиада чемпионы және күміс жүлдегері) сынға түсті. Ал қола медаль Италия-1 құрамасына бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы былтыр Хорватияда өткен әлем чемпионатында аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, кеше Әсем Орынбай скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021914-alem-kubogynda-qazaqstandyq-sportsy-el-qorzynyna-ekinsi-medal-saldy/

pixel