Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путинцева Мароккодағы турнирдің келесі кезеңіне еш қиындықсыз шықты

Опубликовано:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 129-ракеткасы, Франция өкілі Леолия Жанжанмен шеберлік байқасты.

1 сағат 14 минутқа созылған кездесуде Юлия Путинцева 6:2, 6:1 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Қазақстанның екінші ракеткасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Айта кетейік, Юлия Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған доданың алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 1230-орында тұрған марокколық Ая Эль-Ауниден басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021934-putinceva-marokkodagy-turnirdin-kelesi-kezenine-es-qiyndyqsyz-syqty/

pixel