Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ мергендері Алматыдағы әлем кубогінде Олимпиада чемпиондарынан ұтылды

Опубликовано:

Әсем Орынбай
Әсем Орынбай. Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Стенд атудан әлем кубогінде Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан Алматыдағы әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды.

Скит бағдарламасы бойынша аралас жұптық сында біздің спортшылар Италия-2 құрамасына жол берді.

Атап айтар болсақ, мұнда Таммаро Кассандро мен Кьяра Кайнеро (Олимпиада чемпионы және күміс жүлдегері) сынға түсті. Ал қола медаль Италия-1 құрамасына бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы былтыр Хорватияда өткен әлем чемпионатында аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алған.

Ал Алматыдағы жарыста Әсем Орынбай жекелей сында алтын алып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021939-qazaq-mergenderi-almatydagy-alem-kuboginde-olimpiada-cempiondarynan-utyldy/

pixel